Төмен ұшқан ұшақ жағажайда туристерді шошытты. Видео

Грекияда Wizz Air компаниясының ұшағы қону кезінде демалушылардың басынан бірнеше метр биіктікте ұшып өтті. GreatFlyer YouTube арнасы экстремалды видеоны жариялады.

Mirror мәліметінше, оқиға Скиатос аралындағы Александрос Пападиамантис әуежайының жанында болған. Әуе кемесінің қонуын камераға түсіру үшін теңіз жағасына бірнеше турист жиналады.

Желідегі кадрлар ұшақтың алдымен теңіз үстінде қалай төмендейтінін, содан кейін қашып кетуге асыққан адамдардың басының үстінен ұшатынын көруге болады. Сондай-ақ, ұшу-қону жолағы саяхатшылар тұрған жердің артқы жағында бірден басталатыны белгілі болып тұр. 

Ұшақтың мұндай әсермен қонуы желі пайдаланушыларды таңғалдырды. "Лоукостерлердің ұшқыштары мұны арнайы жасай ма", "Неліктен бұл аймақты қоршауға болмайды, бұл қауіпті","Осыдан кейін қанша көрермен жаңа шалбарға мұқтаж болды деп ойлайсыз"- деп жазды жазылушылар.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!