Тоқаев Самарқандтағы алаңға ағаш отырғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласындағы "Регистан" алаңында тал егу шарасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге Самарқанд қаласындағы "Регистан" алаңында тал екті.

Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астаналарында көшеттер бір мезетте отырғызылды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барған болатын. Президент Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!