"Титан" батискафының қалдықтарының маңынан болжаммен адам қалдықтары табылған

АҚШ-тың жағалау күзеті "Титан" суасты қайығының қалдықтарының маңынан "болжамды адам мүшелері" табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.

"Титан" аппаратын төрт айлық іздеу жұмыстары нәтижесінде Атлант мұхитының солтүстік бөлігінен қалдықтар табылды. Жаңа деректер қазіргі уақытта америкалық мамандардың қолында, олар сараптама жүргізіп жатыр. Апаттың тергеу шаралары жалғасады.

Сот отырысының тыңдалымдары "Титаникті" зерттеуге жіберілген субмаринада қандай ақау болғаны анықталған кезде басталады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!