"Терминал". Турист рейске кешігіп, екі апта Пхукет әуежайында өмір сүрді

Ресейлік турист Мәскеуге ұшып кеткен ұшаққа кешігіп, Пхукет қаласындағы халықаралық әуежайда екі апта өмір сүрген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қыркүйектің басында есімі аталмаған ер адам Пхукеттен Мәскеуге қайту керек болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ер адамның жаңа билет алуға немесе қонақүйде тұруға қаражаты болмаған. Саяхатшы екі апта бойы әуежайда өмір сүрген, сосын оның анасы ақша тауып, баласына билет алып берген. Бұл туралы The Phuket Express басылымы жазады.

Осы уақыт аралығында әуежай қызметкерлері мен Пхукеттің туристік полициясы оған көмек көрсеткен. Оған киім, тағам және конъюнктивиттің асқынған түрін жұқтырған кезде жергілікті клиникада емделуін төлеп берген. Ақыры ол анасы салған ақшаны алып, өз еліне қайтқан. Қайту кезінде ол өзіне көмектескен барлық жанға алғыс білдірген.

Phuket Express мәліметінше, саяхатшы Пхукет әуежайында кешігу бірінші рет емес екен. Былтыр осы турист әуежайда бірнеше күн өмір сүрген екен. Әуежай қызметкерлері журналистерге дәл осы ер адам аралға қайтып келсе, қуана қарсы алатындарын айтқан, алайда үшінші рет кешікпейді деген сенім білдірген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!