Теңізге демалуға барғанда өзіңізбен бірге не алу қажет екенін білесіз бе?

Теңізге саяхаттау – жақсы демалыс пен сергіп қайтудың ең керемет жолы. Дегенмен, жолға шықпас бұрын керек-жарақты сайлап алу қажет. Әрине, оңай болмайды. Сондықтан Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге саяхатқа қажетті заттардың тізімін ұсынады.

Бұл тізім жай анықтамалық іспетті, оны әрбір турист өз қалауы мен міндеттеріне қарай өзгертуге болатынын бірден ескертеміз.

Сондықтан чемоданды жолға шығардан бірнеше күн бұрын жинаған дұрыс. Гардеробта әрқашан соңғы жылы кішірейіп қалған, сәннен шыққан заттар болады. Ер адамдар үшін жолға жиналу әрқашан қиындықсыз өтпейді.

Қажетті құжаттар

Құжатсыз демалысыңыз әуежаймен аяқталуы мүмкін. Сондықтан, төлқұжат пен ақша тек жолға жиналғанда ғана емес, демалыс бойы назарыңызда болуы керек.

Сондықтан чемодан жинауды ең маңызды нәрседен бастаған дұрыс:

  • төлқұжаттар (қолдану мерзімін тексеру, мерзімінің аяқталуына кемінде 6 ай қалғанда);
  • демалыс орнына жету үшін қажетті құжаттар (пойыз немесе ұшақ билеттері);
  • медициналық сақтандыру (қажет болған жағдайда);
  • билеттер мен жолдамалар, туристік агенттікпен келісім;
  • банк карталары;
  • шағын номиналдағы қолма-қол ақша;
  • қонақүйді брондау (қажет болған жағдайда);
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • сақтандыру (қажет болған жағдайда);
  • жүргізуші куәлігі (кенеттен автокөлікті жалға алғыңыз келсе);
  • құжаттардың көшірмелері мен фотосуреттері (жоғалған жағдайда);
  • қалам мен блокнот.

Құжаттарды оңай табуға болатындай және қажет болған жағдайда тез алып көрсеттеіндей жерде болуы керек. Ақша мен картаны жоғалтып алу қаупі туса, мүлде тиынсыз қалмас үшін отбасы мүшелеріне таратып қойған абзал.

Дәрі қобдишасы

Ешкім демалу кезінде бас ауруы, жоғары температура немесе ас қорытудың бұзылуынан сақтана алмайды. Сондықтан, дәрі-дәрмек қобдишасында күмән тудырмайтын тексерілген дәрілерді жинаңыз. Барлық елдерде дәріханалар бар, бірақ қазақстандық дәрілердің аналогын табу оңай емес.

Сонымен, сізге қажет болатын дәрі-дәрмектер:

  • таблеткалар (ас қорытудың бұзылуы, суық тию, мұрыннан су ағу, аллергия, қозғалыс ауруы, ыстық түсіретін, ауырғанды басатын);
  • пластырь (әртүрлі өлшемді жиынтықтар және сіз көп жүруді жоспарласаңыз, мүйізгектен);
  • күнге күйгеннен қорғайтын құралдар;
  • антисептикалық (қарындаштағы йод немесе жасыл - олар төгілмейді және заттарды былғамайды);
  • көзге және құлаққа тамшылар (барлық жерде шаң болады, теңіз суы құлағыңызды бітеп тастауы мүмкін);
  • жеке дәрі-дәрмектер (егер сізде аллергия немесе астма болса, дәрі-дәрмектер қолыңызда болуы керек).

Егер сіз баламен саяхаттасаңыз:

  • ыстық түсіретін және ауырсынуды басатын дәрілер, әсіресе баланың тістері шығып жатса;
  • электронды термометр;
  • антигистаминді препараттар;
  • жөтелге қарсы препараттар;
  • белсендірілген көмір және ас қорытуды жақсартуға арналған дәрілер;
  • құлаққа арналған дәрілер.

Киім-кешек

Демалыста не киетініңізді ғана емес, ұшақта не киетініңізді де ескеру маңызды. Ұшақта өте салқын, сондықтан ұзын жеңді киім болғаны жөн.

Әйелдерге қандай киім алу қажет:

  • блузка;
  • әртүрлі аяқ киім - 2 немесе 3 жұп;
  • көкірекше - 2;
  • бас киім - 1-2;
  • джинсы және/немесе шалбар;
  • жейде - 1;
  • суға түсетін киім - 1-2;
  • жеңіл халат - 1;
  • майка, футболка - 3-4;
  • шұлықтар - 2 жұп
  • пижамалар - 1;
  • коктейль көйлегі - 1;
  • жеңі бар көйлек - 2;
  • іш киім - әр күн үшін 1;
  • жеңіл аяқкиім - 1;
  • жылы күртеше, кардиган немесе ветровка;
  • юбка - қысқа және ұзын;
  • шорты - 3;
  • спорттық костюм - 1.

Ер адамға алу қажет киімдер:

  • жеңіл шалбар - 2;
  • классикалық шалбар - 1;
  • шорты - 2;
  • жүзу киімі - 2;
  • майка мен футболка - 3-4;
  • жеңіл көйлек - 2;
  • шұлықтар - 3-4 жұп;
  • іш киім - 3-4;
  • жеңіл аяқкиім - 1;
  • жазғы аяқ киім - 1;
  • бас киім - 1;

Балаға қажетті киімдер:

  • футболка - 3;
  • ұзын жеңді көйлек - 2;
  • ішт киімдер - 5-6;
  • шорты - 2-3;
  • шұлықтар - 4;
  • күннен қорғайтын бас киім - 2;
  • шорты немесе костюм - 2;
  • жаяу жүруге арналған аяқ киім - 2;
  • спорттық костюм – 1;
  • ветровка - 1.

Құрылғылар және басқа

В суете сборов не забудьте о самом главном - фотоаппарате или смартфоне с камерой. То же самое касается книг, которых будет не хватать на пляже. Предлагаем пополнить ваш список этими девайсами и предметами;

  • Жолға жиналған кезде ең маңыздысы - камера немесе камерасы бар смартфон алуды ұмытпаңыз. Жағажайда оқитын кітаптарды да алып алыңыз. Біз бұл тізімді келесідей құрылғылармен толықтыруды ұсынамыз;
  • оқуға арналған кітап;
  • контактілі линзалар және оларға арналған ерітінді;
  • жағажайдағы балалар ойыншықтары;
  • селфи монопод;
  • power банктері;
  • мобильді телефон;
  • зарядтау құрылғысы;
  • розетка адаптері;
  • ұзартқыш;
  • жады картасы;
  • флэш-диск;
  • ноутбук немесе планшет;
  • құлаққаптар;
  • Ұйықтауға арналған маска;
  • құлаққаптар;
  • фумигатор (жәндіктерден).

Ең бастысы – демалысқа керемет көңіл-күймен шығыңыз. Үйде қалған заттарды уайымдап отырсаңыз, демалыс ойдағыдай өтпейді. Тізімдк көрсетілген кейбір заттарды сол жерден де сатып алуға болады, сондықтан арқаны кеңге салып, жақсылап демалыңыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.