Аустралияда ер адам тоғыз жасар қызын құтқарғысы келген, алайда өзі батып кетті. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай дүйсенбі, 5 шілдеде елдің оңтүстік-шығысындағы Батманс шығанағындағы жағажайда болды. Аустралиялық отбасы серферлер арасында танымал жағажайға саяхатқа барған. Демалыс кезінде туристер күшті толқынға қарамастан судан шықпайды, салдарынан кішкентай қыз батып кете жаздайды.
Сол жерде болған адамдар қызды судан шығарады, бірақ әкесіне көмектесіп үлгермеген. Ер адам жойқын толқынға қарсы тұра алмады. Дәрігерлер 47 жастағы аустралиялықтың қайтыс болғанын хабарлады.
Қыз жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты деп бағаланады. Бұл - соңғы 48 сағат ішінде Жаңа Оңтүстік Уэльстегі төртінші жағдай. Бұған дейін шығанаққа жақын жерде үш балықшы бар қайық аударылып кеткен, олардың ешқайсы аман қала алмады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!