Тек Бурдж Халифа мен зәулім ғимараттар ғана емес. Дубайда тамашалауға болатын басқа ғажайып жерлер туралы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Дубай сәнді қонақүйлерімен, заманауи зәулім ғимараттарымен, әдемі жағалауымен, ғаламшардағы ең үлкен аквариумда аквалангпен жүзу және жасанды аралдарда парашютпен секіру т.б. қызықтырар орындармен туристерді тартпай қоймайды. Осы кереметті сезінгісі келетіндер үшін Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Дубай мен оның маңындағы ерекше орындар мен іс-шаралар тізімін дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

Дубай сәнді қонақүйлерімен, заманауи зәулім ғимараттарымен, әдемі жағалауымен, ғаламшардағы ең үлкен аквариумда аквалангпен жүзу және жасанды аралдарда парашютпен секіру т.б. қызықтырар орындармен туристерді тартпай қоймайды. Осы кереметті сезінгісі келетіндер үшін Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Дубай мен оның маңындағы ерекше орындар мен іс-шаралар тізімін дайындады.

Шөлдегі қоқиқаздар

Рас-әл-Хор (Ras Al Khor) сулы-батпақты қорығы - көпқабатты шыны үйлер мен ыстық құмның ортасында жабайы табиғатты тамашалаудың керемет мүмкіндігі. Аумағы қорғауда және тұрақты бақылауда, 2007 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Visit Dubai (@visit.dubai)

Бірақ мұнда адамдар аң мен құстың 500 түрін тамашалау үшін ғана келмейді. Қорық қызғылт қоқиқаздардың тұрақты мекені ретінде танымал. Бұл ғажайып құстардың тыныс-тіршілігін мұнда жыл он екі ай бақылауға болады. Әсіресе қоқиқаздарды тамақтандыру ерекше қызық. Бұны көру үшін саябақтың ашылатын немесе жабылатын уақытында келіңіз. №2 кіреберіске келсеңіз болды. Қорықта үш кіреберіс бар. Олардың арасындағы қашықтық шамамен 3 шақырым.

Қорық Dubai Creek-тің ішкі бөлігінде орналасқан. Ол жерге тек таксимен немесе жеке көлікпен жете аласыз. Автотұрақ пен кіру тегін.

Шөл ортасындағы алып жүректер

Seyh Al Salam шөлінің қақ ортасында, Дубайдан көлікпен жарты сағаттық жерде орналасқан Bab Al Shams Desert Resort шөл курортының жанында 2019 жылдың қаңтарында ерекше орын - бір-бірімен байланысқан алып жүректер пішініндегі екі жасанды көл ашылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Visit Dubai (@visit.dubai)

Махаббат көлінің (Love Lake) дизайнын Дубайдың тақ мұрагері шейх Хамдан бен Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум ойлап тапқан және бұл көл қоластындағы халық пен Instagram-дағы оқырмандарына арналған. Көлдер әмірліктің шөлді абаттандыру және байыту бағдарламасы үшін тағы бір маңызды орын мен қазір сирек кездесетін құстардың 170-тен астам түрі, орикс пен қарақұйрық сияқты көптеген жабайы аңдар мекендейтін Әл-Кудра (Al Kudra) қорықты көлінен 700 метр қашықтықта орналасқан.

Шыны астындағы тропикалық орман

Мегаполистің дәл ортасында жасанды тропикалық экожүйе - кеңістікті 4 қабатқа бөлетін 25 метрлік жасанды ағаштың айналасында үлкен джунгли бағы орналасқан. Барлығы бірге табиғи ортаны қайталайтын өзін-өзі қамтамасыз ететін экожүйені құрайды. Жылыжайдың бұл ғылыми негізделген түрі сан алуан өсімдіктердің, жануарлардың және құстардың мекеніне айналды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Visit Dubai (@visit.dubai)

Бұл 25 метрлік ағаш әлемдегі ең үлкен жасанды ағаш болып табылады. Ағаштың діңі мен бұтақтары жылыжайдың күмбезіне дейін жайылып жатыр, қабығы, жапырақтары мен жемістерінің барынша мұқияттылықпен жасалуы қайран қалдырады.

Сіз ерекше ғимараттарды жақсы көрсеңіз, әрі жабайы табиғатқа қызығушылық танытсаңыз немесе балалармен саяхатқа шықсаңыз, "Жасыл ғаламшар" зоологиялық саябағы (The Green Planet Indoor Forest) - Дубайдағы табиғатты зерттеу үшін таптырмас орын.

Жасанды мұздар

Сіз өз күшіңіз бен икемділігіңізді сынау үшін, отбасыңызбен және достарыңызбен әлемдегі ең үлкен "АкваФан" (AquaFun) үрлемелі ашық аквапаркінде көңіл көтере аласыз. Ұзындығы 77 метр, ені 35 метр болатын құрылыс 100-ге жуық модульден тұрады, олар неміс компаниясының әзірлемелеріне сәйкес жоғары берік ПВХ материалдарынан жасалған. Биіктен қарағанда мұздар DUBAI логотипінің композициясын құрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqua Fun Water Park (@aquafun)

Елеске айналған ауыл

Дубайға жақын жерде "Әл-Мадамның елес ауылы" деп аталатын жұмбақ жер бар. Аңыз бойынша, тұрғындар ауылды зұлым рухтардың кесірінен тастап кетіпті-мыс. Дегенмен, бұдан да көңілге қонымды түсініктеме бар: құм дауылының кесірінен тастап кеткен дейді, құм үйлердің терезелері мен есіктерінен кіріп маза бермеген соң, көшуге мәжбүр болыпты. Қазір кейбір ғимараттардың жартысына жуығын құм басып қалған, кейбір үйлерде бұрынғы үй иелерінің заттары әлі де сақтаулы. Сізге де осының бәрін тамашалап, ой түйіп, неліктен адамдар ауылды тастап кетуге мәжбүр болғаны жайлы ойланып көруге болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная