АҚШ-тың Техас штатының Форт-Уэрт қаласындағы қонақүйде газ жарылып, 21 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NBC телеарнасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Sandman Signature қонақүйінде газ жарылған. Өрт сөндірушілер жарылысқа газ құбырындағы ақау себеп болуы мүмкін екенін айтады. Оқиға орнында түсірілген кадрларда қирап қалған ғимаратты көруге болады.
Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілі РИА Новостиге берген сұхбатында жарақаттанғандар саны 21-ге жеткенін айтқан. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр екені белгілі.
Қонақүйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Дегенмен мекеме өз жұмысын тоқтатпаған. Жарылыс кезінде қонақүйдің 26 бөлмесінде меймандар болған.
OMG pic.twitter.com/0hKI9WBCfd
— Teresa (@itsteresa_doll) January 8, 2024
Ал CBS телеарнасы мәлім еткендей, куәгерлердің бірі жарылыс болар алдын газдың иісі мүңкіп кеткенін, кейіннен жарылыс болып, қонақүйдің екінші қабатын түтін мен шаң басып кеткенін айтқан. Сонымен қоса ер адам жарылыстан қонақүй баспалдағы қирағанын, ғимараттан шығу үшін адамдар екінші қабаттан секіруге мәжбүр болғанын атап өтті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!