Тайвань демалуға келген туристерге ақы төлемек

2023 жылы Тайвань билігі елге демалуға келген туристерге 5 мың тайвань долларын (шамамен 68 мың теңге) төлемек, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Points Guy басылымына сілтеме жасап.

Осылайша, туризм дамуын қолдау және елге алты миллион демалушыны тарту жоспарланған.

Тайвань туристік бюросының бас директоры Чан Ши-Чжунның айтуынша, бұл төлемдер Тайваньға барған кезде пайдалануға болатын туристік картаға сандық бағытта жіберіледі. Бұл қаражатты азық-түлік, пәтерде не қонақүйде тұру және көлік тасымалына жұмсау ұсынылады.

"Тайвань өз шекарасын тек 2022 жылдың қазан айында ашты, содан кейін ол өткен жылдармен салыстырғанда туристер санының оннан бір бөлігін де тарта алмады", - делінген басылым жариялаған материалда.

Қыркүйекте Тайвань визасыз режимнің күшін жойды, бұл тәжірибе ретінде кейінгі төрт жылда жүзеге асырылған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!