Таиландта демалған үш туристен Денге вирусы анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Таиландта демалып келген ресейліктерге "Денге қызбасы" диагнозы қойылған. Олардың арасында бір жасқа толған сәби де бар. Бұл туралы Красноярск өңірі бойынша Ростпотребнадзор басқармасының басшысы Дмитрий Горяем Телеграм-каналында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Красноярск өңірінде денге қызбасы бес адамнан анықталған. Барлығы Таиландтан оралған.

"Демалушылар қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан осындай жағдайға душар болады. Мысалы, репеллент (үркіткіш) қолдану маса шағудан құтқарар еді", - деді Горяев.

Оның айтуынша, шетелге демалуға барарда, алдын ала ол елде қандай вирус жұқтыру қауіпі барын және жұқтырған жағдайда қандай шара қолдану керектігін білген жөн.

Анықтама

Денге қызбасы - масалар арқылы таралатын вирустық инфекция. Инфекция тұмауға ұқсас ауруды тудырады: дене қызуы көтеріледі, бас аурады, дене бөртеді және кейде "Ауыр денге" деп аталатын түрі өлімге себепші асқынудың дамуына әкеп соғады. Кейінгі онжылдықта жаһандық денге ауруы күрт өскен. Көптеген вирустық инфекциялар сияқты, денге де емделмейді. Дәрігерлер жағдайды жеңілдету және ағзаның ауруды өздігінен жеңуге көмектесу үшін тек симптоматикалық терапияны тағайындайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel