"Тарихи оқиға": археологтар Хеопс пирамидасында құпия есіктерді ашады

Сейсенбі, 5 желтоқсанда археологтар Хеопс пирамидасынан табылған үш құпия есікті ашады. Бұл туралы Мысырдың көне жәдігерлер жөніндегі бұрынғы мемлекеттік министрі, қазір елдің жетекші археологы Захи Хавас айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Жұмбақ есіктердің бірі бейіттің екінші камерасының оңтүстік кіреберісіне жақын жерде орналасқан. Оның екі мыс тұтқасы бар. Оның артында 21 сантиметр қашықтықта екінші есік бар. Үшінші есік солтүстік туннельде орналасқан. Симметрия үшін есік оның артында жасырылған болуы мүмкін.

Табылған есік. Фото: guardians.net

Хавастың айтуынша, есіктердің ашылуы - жауаптардан гөрі көп сұрақтар қалдырған үлкен жаңалық.

Табылған есіктердің айналасында бірнеше зерттеулер жүргізілгенімен, олардың мақсаты мен артында не жасырылғаны туралы сұрақтарға әлі жауап табылмағаны атап өтілді.

5 желтоқсанда барлық есікті ашқан соң ғалымдар Хеопс пирамидасының құпияларын ақыры ашамыз деп үміттенеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!