Жер-жаһан 05 желтоқсан 2023 17:12

Танзанияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Hans © pixabay.com/Hans

Танзания солтүстігінде нөсер жауын әсерінен су тасқыны мен көшкін жүрді. Соның салдарынан 63 адам қаза тапты және жүздеген адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Report.az порталына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, Танзания солтүстігінде 2 желтоқсаннан бастап жаңбыр жауып жатыр. Басылым мәліметінше, 116 адам зардап шеккен.

"Біз 63 адамымыздан айырылдық, оның 23-і ер және 40 әйел", - деп жазды елдің Үкімет басшысы Касим Маджалива.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!