Танымал курорттық елде туристерді "кемсітетін" процедура жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Таиландтың кедендік қызметі әуежайда енді қымбат аксессуарлар мен өзге де сәнді заттары бар жолаушыларды "кемсітетін" жеке тексерісті алып тастады. Бұл туралы Кеден департаменті бас директорының орынбасары Пхантонг Лойкулнанта мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландтың кедендік қызметі әуежайда енді қымбат аксессуарлар мен өзге де сәнді заттары бар жолаушыларды "кемсітетін" жеке тексерісті алып тастады. Бұл туралы Кеден департаменті бас директорының орынбасары Пхантонг Лойкулнанта мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Оның сөзінше, әдетте мұндай тексеріс келушілерге қолайсыздық тудырып, ел туралы пікірін бұзады екен.

"Енді біз қонақтарға жеке тескеріс жүргізбейміз, олар тіпті жүздеген мың бат тұратын дизайнерлік сөмке асып немесе бірнеше миллион бат тұратын сағат тағып жүрсе де. Жаңа ереже жеке заттарға байланысты, сауда үшін әкелінген дүниелерге қатысты емес", - дейді ол.

Осылайша, декларацияға жататын заттары жоқ туристер еркін өтеді. Ондайға жалпы құны 20 000 бат (273 мың теңге), тыйым салынбаған заттар кіреді, сонымен қоса, ары кетсе 200 шылым немесе 250 грамм табак және 1 литрден аспайтын ішімдік кіреді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная