Танымал курорттарда мас туристерді "аулау" басталады

Осы жазда Жерорта теңізіндегі Барселонаның курорттарына баратын шетелдік туристерге ескерту жасалды. Жергілікті полиция көшедегі мас туристер мен тәртіп бұзған адамдарды бақылайтын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tоurprom сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте полицейлер көпшіліктен ерекшеленбеу үшін кейде формасын кимеуі мүмкін.

Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, Каталония билігі аймақтағы ұрлық пен тонаудан арылуға үміттенеді. "Жаз операциясы" деп аталатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, жаз мезгілінде испаниялық мегаполис көшелерінде полиция 12 пайызға көп болады.

Испанияның ішкі істер министрлігі жариялаған алдыңғы мәліметтер 2018 жылы орташа есеппен сағатына 12 тонау болғанын көрсетті. Дегенмен пандемия кезінде құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!