Жер-жаһан 24 мамыр 2024 09:30

Танымал жағажайда кафе террасасы опырылып, төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter/@whatsn2day Фото: twitter/@whatsn2day

Майоркадағы Плайя-де-Пальмда Medusa Beach Club дәмханасының террасасы опырылып, төрт адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Төтенше жағдай 23 мамырда кешкі уақытта болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Аймақтық қызметтер оқиға орнында құтқару операциясын бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, опырылып құлау салдарынан төрт адам қаза тапқан - үш әйел мен бір ер адам. Олардың екеуі осы дәмхананың жұмысшылары.

Тағы кемінде 16 адам түрлі жарақат алған, үйінділер астында он шақты адам болуы мүмкін.

Төтенше жағдай мекеме келушілерге толы кешкі уақытта болғаны хабарланды. Дәмхана британдық және неміс туристерінің арасында танымал болғаны атап өтілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!