Танымал аралда медбикеге акула шабуыл жасады - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан кадр видеодан кадр

Галапагос аралдарында акула америкалық медбикеге шабуыл жасап, аяғынан тістеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Галапагос аралдарында акула америкалық медбикеге шабуыл жасап, аяғынан тістеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың 42 жастағы азаматшасы Делайя Ириарте Тынық мұхитында снорклингпен (су асты жүзу түрі) айналысу кезінде келеңсіз оқиға болды. Соның салдарынан әйел көп қан жоғалтып, ауыр жарақат алды.

"Бастапқыда бұл бір соққы сияқты болды, мен ештеңе түсінбедім. Бұрылып қарағанымда судан қанды көрдім. Мен мұның қандай жарақат екенін бірден аңғардым және көп қан жоғалтатынымды да білдім", - дейді Мексика тумасы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Видеода әйелді қайықта аяғын шүберекпен орап алып кетіп бара жатқаны түсірілген. Сосын әскери ұшақпен жергілікті ауруханаға жеткізген, артынша ота жасалған.

"Оның жағдайы тұрақты, есін біледі, ол аяғынан айырылған жоқ", - деді Ренато Пачеко есімді дәрігер.

Әйелдің айтуынша, оған бес рет ота жасалған және 100-ден аса тігіс жасаған. Шабуылдан кейін оның аяғы істемей қалған.

"Менің ойымша, оқиғаның тым жылдам болғанына байланысты миым ауырсынуды тіркеп үлгермеген", - дейді әйел.

Қазір ол АҚШ консулдығымен келіссөздер жүргізіп, эквадорлық ауруханадан үйіне қайту жолын ойластырып жатыр.

"Мұның ұзаққа созылатынын білемін, бірақ жолым болды, мені әлі де өмір сүремін", - дейді Ириарте

Дәрігерлердің айтуынша, ол кейінде жүре алады, алайда қалпына келу үшін біршама уақыт және ота жасалу керек шығар.

Фото: nypost.com

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная