© pixabay © pixabay

Тәжірибесі жоқ жолаушы ұшақты апатты жағдайда қондырды


АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақтың жолаушысы ұшқыштың кенеттен денсаулығы сыр беруіне байланысты ұшу аппаратын басқаруда тәжірибесі болмаса да жерге аман есен қондырды, - деп хабарлайды CNN.

Телеарна мәліметінше, оқиға Багам халықаралық әуежайынан Флоридаға ұшып шыққан Cessna ұшағының бортында болған. Шамамен діттеген межеге 112 шақырым қалғанда пилот есінен танып қалған. Осы кезде жолаушы дереу әуедиспетчерге хабарласқан, маман өз кезегінде ұшақты қалай жерге қондыру керектігі туралы кеңес берген. 

Нәтижесінде әуе аппараты Флориданың Палм-Бич халықаралық әуежайына сәтті қонған. Ұшқышты дереу ауруханаға алып кеткен. Сондай-ақ, АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастаған. Олардың айтуынша, командирдің денсаулығы бұрыннан сыр беріп жүрген, алайда ол өз денсаулығы туралы толық мәліметті тапсырмаған. 





Осыған ұқсас мақалалар

Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды
Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты
Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті