Тәжірибелі ұшқыш әуеде маневр жасап 175 жолаушыны аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Zorgist © pixabay.com/Zorgist

Allegiant әуе компаниясының тәжірибелі ұшқышы жекеменшік ұшақпен соқтығысудан қашып, борттағы 175 жолаушыны аман алып қалды. Бұл туралы Daily Mail басылымы куәгердің сөзіне жүгіне отырып жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Allegiant әуе компаниясының тәжірибелі ұшқышы жекеменшік ұшақпен соқтығысудан қашып, борттағы 175 жолаушыны аман алып қалды. Бұл туралы Daily Mail басылымы куәгердің сөзіне жүгіне отырып жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

21 жастағы Джеррика Такер (Jerrica Thacker) басылымға Флорида - Кентукки рейсімен ұшқаныны айтып берді. Әуеге көтерілгеннен кейін жарты сағат өте лайнер 20 секунд бойы жылдам көтеріле бастады. Зәресі ұшқан жолаушлылар турбуленттік аймаққа түсіп кеттік деп ойлаған, алайда көп ұзамай ұшқыш байланысқа шығып, болған жайды түсіндіріп берді. Сөйтсе, олар жекеменшік ұшақпен бетпе-бет соқтығыса жаздаған екен.

"Құлап бара жатқандай елестеді. Алдымда тұрған заттардан мықтап ұстап алдым да, сабырға келуге тырыстым", - дейді бойжеткен.

Оқиға экипаж өкілдері тамақ пен сусын таратып жүргенде болған. Бағыт бірден өзгергендіктен бортсеріктердің бірі құлап, білегін ауыртып алды. Оған көмек көрсету үшін ұшқыштар ұшақты қайта қондырды.

"Енді ұшаққа қайта отырмайтындай болдым. Әуе компаниясы бізге 200 долларға (89 мың теңгедей) ваучерлер таратты. Бірақ оны қолданбайтын шығармын", - дейді Джеррика.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная