Тәжікстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 7 маусымда Астана уақытымен сағат 03:54-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы-10,6. MPV магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 35 шақырым", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!