Таиландтағы су тасқынының қорқынышты кадрлары жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Таиландтың оңтүстігіндегі Наратхиват және Яла провинцияларында үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан жолдар мен үйлерді су басты. Ең ауыр су тасқыны ондаған мың адамға әсер етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландтың оңтүстігіндегі Наратхиват және Яла провинцияларында үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан жолдар мен үйлерді су басты. Ең ауыр су тасқыны ондаған мың адамға әсер етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Bangkok Post мәліметінше, кейбір аудандарда су деңгейі бір метрге жетті. Теміржол байланысы тоқтатылып, мектептер жабылды. Қатты жаңбыр теңізде де қиындықтар туғызды, жұмадан бастап Сиам шығанағы мен Андаман теңізінде кем дегенде жеті қайық батып кетті.

Желі пайдаланушылары оқиға орнынан қорқынышты кадрларды бөлісті.

Билік келтірілген залалды бағалайды және зардап шеккен аудандардың тұрғындарына көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная