Таиландтағы қонақүйлердің жартысы алдағы үш айда жабылудан қорқады - сауалнама

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Таиландтағы пандемияның күшеюі салдарынан патшалықтағы қонақүйлердің 47 пайызы алдағы үш айда жабылуы мүмкін. Мұндай нәтижелер The Nation Thailand сайтының сауалнамасында келтірілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландтағы пандемияның күшеюі салдарынан патшалықтағы қонақүйлердің 47 пайызы алдағы үш айда жабылуы мүмкін. Мұндай нәтижелер The Nation Thailand сайтының сауалнамасында келтірілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.

188 қонақүй өкілдерінің сауалнамасына сәйкес, COVID-19 таралуының күшеюіне байланысты сауалнамаға қатысқан 56 мекеменің өтімділігі өткен аймен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді, ал қонақүйлердің 47 пайызы үш айдан артық ашық тұра алмайтынын көрсетті.

Сондай-ақ зерттеуге сүйенсек, қонақүйлердің 13 пайызы уақытша жабылған. Олардың көпшілігі елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетеді. Бұған дейін олар коронавирус жағдайы жақсарған кезде жылдың төртінші тоқсанында қайта ашуды жоспарлаған болатын.

Қазір 30 қонақүй мемлекеттік карантин нысандарына балама болып отыр. Қалған 158 қонақүй, бұл Тайландтағы қонақ үйлердің жалпы санының шамамен 18 пайызы, келушілердің аз екенін көрсетті. Ең төменгі жүктеме деңгейі (4,1 пайыз) солтүстік аймақтағы қонақүйлерде, одан кейін солтүстік-шығыс (10,9 пайыз), орталық (18,7 пайыз) және оңтүстік (23,2 пайыз) қонақүйлерде тіркелді.

Егер коронавирустың өршуі тоқтамаса, мамырда қонақүйлерді орташа толымдылығы тоғыз пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

Таиландта пандемия жалғасып жатыр. Тек Бангкоктың өзінде осы айдың басынан бастап күніне 500-ден аса жаңа жағдай тіркеліп отыр. Ауру өршуінің төмендеуі байқалмайды. Сондықтан Таиланд премьер-министрі көбірек вакцина тауып, жергілікті тұрғындарды кем дегенде бір дозамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтты.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная