Таиландтың туристік полициясы корольдікке демалысқа келуді жоспарлап отырған шетелдіктерге төтенше жағдайларда көмек алу үшін мобильді қосымшаны жүктеп алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті The Pattaya News басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, саяхат қосымшасы ағылшын және тай тілдерінде қолжетімді және ақысыз. Tourist Police I Lert U шетелдік қонақтарға арнайы әзірленген. Қызмет төтенше жағдайда құқық қорғау органдарынан көмек сұрауға мүмкіндік береді.
Ол үшін қосымшада мәселені сипаттап, сурет қосып сұрау жіберу керек. Ақпарат жақын жердегі полиция бөлімшесіне жіберіледі. Оператор полиция келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсету үшін тіркелген нөмірге хабарласады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!