Таиландта туристерге арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландта елдегі медициналық туризмді дамыту үшін жаңа Wellness Sandbox ("медициналық құмсалғыш ") мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды. Әзірге ол екі туристік аймақта - Хуахин мен Ча-амда пилоттық режимде жұмыс істейді. Кейінірек бағдарламаның географиясы кеңейтілуі мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Тhe Thaiger сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта елдегі медициналық туризмді дамыту үшін жаңа Wellness Sandbox ("медициналық құмсалғыш ") мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды. Әзірге ол екі туристік аймақта - Хуахин мен Ча-амда пилоттық режимде жұмыс істейді. Кейінірек бағдарламаның географиясы кеңейтілуі мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Тhe Thaiger сайтына сілтеме жасап.

Таиландтың туризм басқармасы бұл идеяны Пхукеттегі құмсалғыштың сәтті болғанынан кейін экономикалық жағдайды басқару орталығына ұсынды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа үкіметтің ресми өкілі Танакорн Вангбунконгчана мәлімдеді.

Phuket Sandbox - COVID-19-ға қарсы вакцина алған туристер аралға келгеннен кейін карантинге жіберілмейтін бағдарлама. Бірақ бұл жолы билік демалушылар үшін ауқымы шағын бағытты таңдады. Медициналық туризмді дамыту, жергілікті үкіметтің жоспары бойынша, Таиланд экономикасының өсуіне ықпал етуі тиіс.

"Медициналық құмсалғыш" аясында кіру шарттары бірдей. Вакцинаның екі дозасын алған адамдар Таиландқа кіруге және елдегі алғашқы жеті күн ішінде қонақүйде оқшауланбай, бекітілген жерлерде еркін жүруге құқылы.

Wellness Sandbox жаңа бағдарламасы бойынша Хуа Хин және Ча-ам аудандарын жергілікті тағамды, массаж және спа-қызметтерін, сондай-ақ дәстүрлі медицина мен емдік шөптерден жасалған өнімдерді жарнамалай отырып, әлемдегі сауықтыру туризмінің үздік бағыттары ретінде танымал етуге ниеттеніп отыр. "Медициналық құмсалғышқа" қатысатын курорттар мен санаторийлер қауіпсіздік және денсаулық сақтау басқармасы белгілеген COVID-19 алдын алу стандарттарына сәйкес келуі керек.

Жыл басынан бері Пхукетпен қатар қазақстандықтар үшін Таиландтың тағы үш провинциясы қолжетімді болды. Аралда демалу үшін туристер вакцина төлқұжатын, ПТР-тест және сақтандыруды ұсынуы керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная