Таиландта туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

Таиландтың Пхетчабури провинциясында шетелдік туристер мінген автобус жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Bangkok Post.

Жол апаты 20 желтоқсанда шамамен таңғы уақытта болған. Monthathip Tour and Travel компаниясының автобусында 19 шетелдік турист (олардың арасында бір бала) болған және олар Сураттхани корольдігінің оңтүстік провинциясынан Бангкокқа бара жатқан. Жолаушылардың айтуынша, екі жүргізушінің қозғалыс кезінде автобусты тоқтатпай орын ауыстырмақ болған кезде қоғамдық көлік жол апатын ұшыраған. Көлік тасжолдан шығып кетіп, қатты жылдамдықпен бағанаға соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус жолаушылары түрлі деңгейдегі жарақат алған. Оқиға болған жерде зардап шеккен туристерге алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Полиция әзірге шетелдіктердің қай елдің азаматтары екені туралы ақпарат бермеді.