Таиландтың Краби провинциясының оңтүстігінде орналасқан Хат Ноппарат Тара-Му Ко Пхи Пхи қорығы биыл елдегі ең танымал орын болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.
2022 жылдың қазанынан биыл қыркүйектің соңына дейін ұлттық паркке келушілер саны 1,1 миллион адамнан асқан. Ал жылдық табыс 276 миллион бат (7,6 миллион доллар) болған, бұл көрсеткіш алдыңғысымен салыстырғанда 200 миллион батқа (5,4 миллион доллар) көп.
Қорық құрамына Краби провинциясының шығыс бөлігі және Пхи-Пхи аралы толығымен кіреді. Көбіне туристер оның құмды жағажайлары үшін барады. Әсіресе Майя Бэй бұғазындағы орын ең танымалы. Мұнда Леонардо Ди Каприоның қатысуымен голливудтық "Жағажай" фильмінің түсірілімі болған.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис. Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.