Таиландта турист маймылдармен төбелесті - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Таиландта аустралиялық туристің бірнеше маймылмен төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта аустралиялық туристің бірнеше маймылмен төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Daily Mail мәліметінше, ер адам балаларын қорғаған.

"Аустралиялық блогер-инфлюенсерлер 38 жастағы Райли Уайтлум мен 29 жастағы Элайна Караусу бес және бір жастағы ұлдарымен Таиландтағы Ко-Пхи-Пхи аралындағы әйгілі жағажайға келген.

Олар жағажайда жүрген маймылдарды тамашаламақ болады, алайда жануарлар аяқасты ызаланып, шабуыл жасай бастады: макакалар отбасының құжаты мен телефондары тұрған сөмкені ақтарып, оны шаша бастаған", - деп жазады басылым.

Сөмкесін алмақ болған ер адамға маймылдардың бірі шабуылдай жөнелді, артынша бір жастағы баласына да тап берді.

Ер адам баласын қорғап қалу үшін бір маймылдың дәл тұмсығынан ұрды, кейін пакетке салынған заттарына да жете алды. Ал ол сәтте оның жұбайы су астына сүңгіп жүріп, не болғанын да білмеген.

Оқиғадан кейін бірнеше жерінен маймылдар тістеген ер адамға ауруханаға барып, құтыру ауруына қарсы екпе алуға тура келді. Ал жергілікті дәрігерлердің сөзінше, ауруханаға маймыл тістеді деп күніне кемі екі адам келеді екен.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная