Таиландта турист жүрдек пойыздың астына түсіп, қаза болды

Таиландқа қызымен демалуға келген канадалық турист жүріп бара жатқан пойыздан құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық басылымның мәліметінше, 24 жастағы Райан Джозеф Ральф қызы 22 жастағы Шона Морганмен бірге Бангкоктан Ко Тао аралына жету үшін түнгі пойызға отырған. Бойжеткен орнына барып ұйықтап қалған. Ал Райан темекі алу үшін есіктері жоқ көрші вагонға аттанған.

Өкінішке қарай, турист пойыздан құлап, оның астына түсіп кетіп, бетонға соқтығысқан деп болжануда. Пойыз оны біраз жерге сүйреп апарған. Келесі күні Ральфтың жансыз денесі табылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!