Таиландта туриске таласқандардың видеосы жарияланды

Таиландта жергілікті тұрғындар мен мафияның жанжалы видеоға түсіп қалды: қаскөйлер табыс көзін тартып алмақ болып, екі тарап арасында төбелес шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The Thaiger мәліметінше, оқиға Ко Лан аралында болған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, оған 10-нан аса адам жабылған.

"Төбелес түсірілген видеоны соған қатысқан адамдардың бірі жариялаған, 31 жастағы Конгкот есімді ер адам ауыр жарақат алған. Шабуылдың себебі - бәсекелестік", - деп жазады дереккөз.

Конгкот Бали Хай пирсында жұмыс істейді. Бұл туристер арасында танымал мекен, саяхатшылар мұнда күн батқанда суретке түсіп немесе катерда серуендейді.

"Зардап шеккен ер адам катермен туристерді тасымалдайтын болған: ол қатты жылдамдықпен жүретін қайықтармен туристерді 250 батқа (шамамен 3200 теңге) тасымалдайды. Өзара келісім бойынша барлық қызмет көрсетушілер бір бағаны ұстанады.

Алайда, Конгкоттың айтуынша, олардың келісіміне жергілікті мафия араласқан. Олар теңізде серуендеу құнын 200 батқа түсіріп (2 581 теңге), бұрын келісіп қойған туристерді операторлардан алып кетпек болған. Қаскөйлер бәсекелестерін қорқытып, зорлық-зомбылыққа дейін баратын болған", - деп жазады басылым.

"Олар заңнан және биліктен қорықпайды. Бірнеше шабуыл жасалғанына қарамастан, олардың қамап жатқан ешкім жоқ", - дейді видео авторы.

Видеода жергілікті тұрғындар шабуылдағандарды тоқтатпақ болады, алайда бұзақылар ер адамды туристердің көзінше сабауын жалғастыра берген.

Конгкот ақпарат агенттіктеріне шығып, өз оқиғасын шығаруды өтінген. Ол қалайда тергеу шаралары басталғанын қалайды.

Статистикаға сәйкес, Таиланд біздің отандастарымыздың арасында танымал бағыттардың бірі: 2022 жылы бұл елде 45 745 қазақстандық демалған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!