Таиландта мыңдаған фирма мен қонақүй алаяқтық бойынша айыпталды, олар мемлекет тарапынан төленетін туристік шығындарды алу үшін қулыққа барған. Танымал жүйемен алдау ісі бойынша "Турпром" мамандары айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Қылмыспен күрес басқармасына түскен арыз-шағымдар бойынша, ел аумағында 448 қонақүй мен 486 турфирмаға айып тағылған. Олар туристерге арналған "Бірге саяхаттаймыз" ішкі кампания бойынша қосымша табыс тауып отырған. Негізінде бұл жүйе бойынша демалушы тұратын орны мен әуебилет үшін кететін шығындардың 60 пайызын төлейді, ал қалған 40 пайызын мемлекет өз мойнына алатын болған.
Осылайша, алаяқтар соның арқасында 1,7 миллиард бат (57 миллион доллар) жалған брондар тіркеген. Мемлекеттен көбірек ақша өндіру үшін кейбір қонақүйлер номерлердің бағасын көтерген.