Таиландта күннен қорғайтын кремге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Таиланд билігі барлық ұлттық теңіз паркінде маржанға зиян келтіретін, құрамында химиялық заттар бар күннен қорғайтын кремді қолдануға тыйым салды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Phys.org басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиланд билігі барлық ұлттық теңіз паркінде маржанға зиян келтіретін, құрамында химиялық заттар бар күннен қорғайтын кремді қолдануға тыйым салды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Phys.org басылымына сілтеме жасап.

Ел үкіметі туристер пайдаланатын күн сәулесінен қорғайтын лосьондар баяу өсетін маржандарға зиян тигізеді деп алаңдайды.

Таиландтың табиғатты қорғау департаментінің өкілдері мұндай құралдарда жиі кездесетін төрт зат маржан тұқымдарын жояды, олардың көбеюіне жол бермейді және рифтер түссіз болады деп мәлімдеді.

Құрамында оксибензон, октиноксат, 4-метилбензилден камфора немесе бутилпарабен бар лосьондарға тыйым салынады.

Басылымның мәліметінше, тыйым салуды бұзған кез келген адамға 100 мың бат (1,2 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Осыған ұқсас тыйымдар Тынық мұхиты Палау аралында және АҚШ-тың Гавайи штатында енгізілді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная