Таиландта қиын жағдайға тап болған туристерге көмектесетін әдіс ойлап табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Таиландтың туризм басқармасы (ТАТ) туристер үшін арнайы қосымша ойлап тапты, оның көмегімен полицияға жылдам хабарласуға болады. Бұл туралы АТОР хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Таиландтың туризм басқармасы (ТАТ) туристер үшін арнайы қосымша ойлап тапты, оның көмегімен полицияға жылдам хабарласуға болады. Бұл туралы АТОР хабарлады. 

Tourist Police I Lert U қосымшасының арқасында құқық қорғау органдары қызметкерлері оқыс оқиғаларды дереу тексеретін болады. Осылайша, қиын жағдайға тап болған туристер өздеріне ыңғайлы әдіспен көмек сұрай алады: бар болғаны олар суретке түсіреді немесе чатқа жазады - мекен-жайы автоматты түрде анықталып, координаттары орталыққа бірден түседі. 

Қосымшаны жүктеу тегін және Android пен iOS платформаларында қолжетімді. Қазіргі уақытта жүйе ағылшын және тай тілдерінде жұмыс істейді және Туристік полицияның жедел әрекет ету орталығымен тікелей байланысқан. 

ТАТ өкілдерінің айтуынша, туристік полиция тай полициясының бір бөлігі және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ведомство штабында Таиландтың барлық аймағы бойынша 1,9 мың полицей жұмыс істейді, негізінен бұл туристік аймақтар: Бангок, Пхукет, Самуи және Чиангмай.

Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная