Таиландта карантинді бұзған туристер қалай жазаланатыны айтылды

Таиландта карантинді бұзғаны үшін шетелдік қонақтарға айыппұл, қамауға алу және жер аудару қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Жақында Бангкоктың оңтүстік муниципалды соты 29 жастағы израильдік туриске коронавирусты сынау нәтижесін алғанға дейін арнайы қонақүйден қашқаны үшін екі мың бат (26 мың теңгеден астам - авт.) айыппұл салды. Демалушыдан "омикрон" анықталды.

Саяхатшы елге 17 желтоқсанда Тest & Go туристік бағдарламасы бойынша келген және ПТР-тестінің нәтижесін күту үшін түнде арнайы қонақүйге орналастырылған. Алайда, сол кеште қонақ таксимен Паттайяға, содан кейін Самуи аралына барған. Төрт күннен кейін полиция туристі қамауға алуға санкция берді. Келесі күні ол билікке тапсырылды.

Сотта күдікті кінәсін мойындап, айыппұл төлеуге келісті. Үкім шығарылғаннан кейін иммиграциялық полиция депортациялау үшін қамауға алды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!