Таиландқа келген 106 миллион туристің жеке деректері Желіде тарап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

106 миллион шетелдік туристің, соның ішінде соңғы 10 жыл ішінде Таиландқа келгендердің жеке деректері бар мәліметтер базасы қолжетімді болды. Мұны Comparitech киберқауіпсіздік компаниясы растады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

106 миллион шетелдік туристің, соның ішінде соңғы 10 жыл ішінде Таиландқа келгендердің жеке деректері бар мәліметтер базасы қолжетімді болды. Мұны Comparitech киберқауіпсіздік компаниясы растады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Саяхатшылардың жеке мәліметтеріне кез келген адам қол жеткізе алады.

Жеке ақпаратқа туристердің толық аты-жөні, төлқұжат нөмірлері, жынысы, тұру жағдайы, Таиландқа келу күні, виза түрі және келу картасының нөмірі кірді. Киберқауіпсіздік компаниясы оны интернеттен бір ай бұрын - 22 тамызда тауып, келесі күні шетелдік қонақтардың қорғалмаған деректерін қорғаған Таиланд билігімен байланысқа шыққан.

Thaiger басылымы компания басшысына сілтеме жасап, ақпарат бұзылған болуы мүмкін екенін жазды. Сонымен қатар, компания басшысы өзін осы деректерден тапқанын айтты. Қорғалмаған ақпаратты 20 тамызда сайтты индекстеген Censys іздеу жүйесі анықтады. 

Тай шенеуніктері үшінші тараптың күзет компаниясы тапқанына қарамастан, ешқандай рұқсат етілмеген тарап осал деректерге қолжеткізе алмады деп мәлімдейді. Құпия ақпараттың желіде қанша уақыт қорғалмай жария тұрғаны белгісіз.

Соңғы 10 жыл ішінде Таиландқа келген туристер өздерінің жеке деректері Интернетте қолжетімді деп алаңдайды. Бірақ билік тікелей қауіп жоқ деп сендіруге асықты, өйткені дерекқорда ешқандай қаржылық немесе байланыс ақпараты болған жоқ, сондықтан шабуылдаушылар ақшаны ұрлай алмады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная