Таиландқа демалуға барған турист өлім жазасына кесілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Таиландта есірткі сатқаны үшін ұлыбританиялық туриске айып тағылды. Енді ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Tour Prom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта есірткі сатқаны үшін ұлыбританиялық туриске айып тағылды. Енді ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Tour Prom сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық БАҚ-тың мәліметінше, полиция 36 жастағы саяхатшыны бес ай бойы бақылап жүрген, кейін тұтқындағын.

Полицейлер туристен 25 экстази таблеткасы мен 75 N,N- лизергин қышқылының диэтиламидінің 75 данасын тапты. Ұлыбританиялық кезекті рет "Эссо" барына бара жатқанда ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, ол онда әр кеш сайын тыйым салынған заттарды сатқан көрінеді.

Егер оның кінәсі мойындалса, ол сот шешіміне байланысты өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная