Таиланд вакцина салдырған туристерге шектеусіз демалуға мүмкіндік береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

COVID-19 вакцинасын алған шетелдіктер Таиландта шектеусіз демала алады. Мұндай ережелерді ел билігі "Таиландқа тағы да қош келдіңіз" науқаны аясында бекітеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Bangkok Jack басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 вакцинасын алған шетелдіктер Таиландта шектеусіз демала алады. Мұндай ережелерді ел билігі "Таиландқа тағы да қош келдіңіз" науқаны аясында бекітеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Bangkok Jack басылымына сілтеме жасап.

Жаңа бағдарлама 2021 жылдың үшінші жартысынан басталады. Бұл елге туристік ағымды қалпына келтіру үшін жасалып отыр. Саяхатшылар вакцинацияның екі кезеңінен өткендігі жөнінде құжат пен тұрақты визаны көрсетуі қажет. Егер бұл жоспар жүзеге асса, Таиланд туристер үшін толық ашылған алғашқы азиялық ел болмақ.

Басылым мәліметінше, пандемия кезінде туристердің саны 80 пайыздан астамға азайып, жұмыс орындарынан айырылғандар саны миллионнан асты. Егер Таиландқа қош келдіңіз "науқаны сәтті аяқталса, бұл "Таиландқа тағы да қош келдіңіз" науқаны қонақүйлер мен онымен байланысты кәсіпорындарда 800 000 жұмыс орнын сақтауға көмектеседі.

Таиландтық туроператорлар ынтымақтастықты жаңарту және болашақ саяхаттарға дайындалу үшін әлеуетті нарықтардағы агенттіктермен келіссөздерді бастады,- деп хабарлайды Таиланд туризм кеңесінің президенті Чамнан Срисават.

2020 жылы Таиландқа 6,9 миллион шетелдік келді, бұл 2019 жылы келген 40 миллион туристтен айтарлықтай аз. 2021 жылдың маусым айының соңына дейін әлемде миллиардтан астам адамға вакцина егіледі, бұл саяхатқа деген сұраныстың артуына әкелері анық.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная