Тайландқа кіру ережелері жеңілдетілді. Туристерге арналған Thailand Pass алынғаннан кейін, ел билігі тағы бір құжатқа жеңілдік жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы BangkokPost сайтына сілтеме жасап.
2 шілдеден бастап Таиланд Корольдігіне баратын туристер TM6 иммиграция формасын толтырудан уақытша босатылады. Премьер-министр және қорғаныс министрі Прают Чан-Очан бұл шетелдік келушілердің кіру уақытын қысқартады және кептелістерді азайтады деп санайды.
Трайсури үкіметі өкілі Тайсаранакул Таиландқа құрлық немесе теңіз арқылы кіретін шетелдік саяхатшылар бұл құжатты әлі де толтыратынын баса айтты.
Тайланд TM6 құжатын жою арқылы жылына шамамен 45,5 миллион бат үнемдейді. Ал иммиграциялық полиция туристер туралы мәліметті әуежайлар мен авиакомпаниялардан биометриялық жүйелер арқылы алатын болады.
1 шілдеден бастап Таиландқа кіру үшін тек вакцинация сертификаты, вакцинацияланбағандар үшін коронавирус сынағының нәтижесі қажет.