Таиланд туристер үшін қашан ашылады?

Таиландта жалпы халықаралық туризм басқа елдермен əуе байланысы қайта қалпына келген соң 2021 жылдың сəуір айының ортасынан бастап қайта жандануы мүмкін. Осындай болжамды корольдіктің туризм жəне спорт министрлігі басшысы Пипат Ратчакитпракан айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Bangkok Post баслымына сілтеме жасап.

Министр айтқандай, халықаралық рейстердің жандануы Тайландта 13-15 сəуірде тойланатын Сонгкран Жаңа жылының қарсаңында қалпына келеді деп күтіледі.

Шенеуніктің айтуынша, Тайландта коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 2021 жылдың бірінші жартысында шетелдік туристерді тарту мүмкін емес. Сондай-ақ, басқа елдерден келетін жолаушылар сапарын шектеу қарастырылмаған, себебі, қазір туристер саны айтарлықтай аз.