Таиланд билігі туристерге 80 пайыздық жеңілдік уәде етті

Таиландта шетелдік туристер 2024 жылдың ақпанына дейін қысқы маусымда түрлі қызметке 80 пайызға дейінгі жеңілдіктерді пайдалана алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Nation газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Таиландтың туризм басқармасы (TТБ) True Corporation байланыс операторымен бірлесе отырып, туристік индустрияны дамытуға елде тұратын шетелдік азаматтар мен экспаттарды тартуға бағытталған "Таиландтың таңғажайып экспаттық артықшылықтары" бағдарламасын іске қосты.

Бастама аясында туристерге түрлі қызметке 80 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынылады. Шетелдіктер ұлттық саябақтарды да тегін аралай алады. Бағдарлама келесі жылғы ақпанның соңына дейін әрекет етеді.

Жаңа науқанның веб-сайтына сәйкес, тіркелген пайдаланушылар Таиландтағы спа-процедуралар, ұлттық мейрамханалар мен шеберлік сабақтарына бару үшін жеңілдіктер ала алады.

Бұл бастама елге келесі жылы туристік мақсаттарға жетуге көмектеседі, соның ішінде салалық кірісті үш триллион батқа (85,5 миллиард доллар) арттырады деп күтіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!