Таиланд билігі Пхукет аралын оқшаулады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Таиланд билігі Пхукет аралында елге кіруге рұқсат етілген вакцина салдырған туристерді патшалықтың басқа тұрғындарынан және мемлекеттің басқа провинцияларында тұратын экспаттардан оқшаулады. Бұл туралы РИА Новости жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Таиланд билігі Пхукет аралында елге кіруге рұқсат етілген вакцина салдырған туристерді патшалықтың басқа тұрғындарынан және мемлекеттің басқа провинцияларында тұратын экспаттардан оқшаулады. Бұл туралы РИА Новости жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Таиланд СІМ өкілі басқа провинциялардан келген азаматтар үшін Пхукетке кіруге тыйым 3-16 тамыз аралығында сақталатынын айтты. "Пхукет құмсалғышы" бағдарламасы аясында курортқа келген вакцина салдырған туристер аралға кедергісіз кіре алады.

Алайда, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне, медициналық жүктерді, азық-түлік пен қажетті заттарды тасымалдайтын адамдарға, қызметтік міндеттерін орындау үшін мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Пхукет халықаралық әуежайынан шетелге ұшатын азаматтарға ерекше жағдай жасалды. Осы санаттағы адамдар үшін аралға кіру вакциналау сертификаты мен ПТР-тестінің нәтижесі үш күннен аспайтын мерзімде ұсынылған кезде ғана рұқсат етіледі.

Мұндай шаралар бүкіл ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың көбеюіне байланысты қабылданды. Пхукетте халықтың 70 пайызы вакцина салдырған, бірақ жақында ауру жағдайлары жиілеп кетті - туристік бағдарламаны қауіп-қатерге ұшыратпау үшін Таиланд билігі аралды оқшаулау туралы шешім шығарды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная