Сауд Арабиясы саяхатшылар үшін шекарасын ашты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Сауд Арабиясының билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өткендерге шекара ашты. Бұл туралы корольдіктің туризм министрлігі Twitter-де жазды.
Вакцина салдырған туристерге міндетті карантиннен өтудің қажеті жоқ екені атап өтілді.
Ведомство вакциналау тек елде мақұлданған препараттармен ғана ескерілетінін, ал Сауд Арабиясына келгенге дейін 72 сағат бұрын туристер коронавирус инфекциясына ПТР-тестілеуден өтуі керек екенін нақтылады.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!