Табиғат өркениетті жеңіп барады: Ғаламшардағы 5 таңғажайып орын туралы не білесіз?

Адамдар жердің басым бөлігін басып алып, қалалар салып, табиғи ландшафтты өзгерткені белгілі. Жасыл джунгли тасқа ауыстырылып, өркениеттің игілігі барлық жерде пайда болды. Бірақ адам өз туындыларын қараусыз қалдырған бойда табиғат өз иелігін бірден қайтарып алады. India Times жер бетіндегі табиғат өркениетті жеңген 5 орынды таңдады - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы мен "Авиата" сервисі.

Хотуван, Қытай

Бұл қараусыз қалған балықшылар ауылында бір кездері 2000-нан астам адам тұрған. Бүгінде ауыл жасыл желекке оранып, қаңырап бос қалды. Адамдардың біржола кетуіне 1990 жылдардағы азық-түлік пен білім берудегі қиыншылықтар себеп болды.

Қазір мұнда санаулы ғана адамдар тұрады. Бірақ әлемнің түкпір-түкпірінен туристер осы ақырзаман көріністерін тамашалау үшін келеді.

Фото:Times of India


Фото:Times of India

Припять, Украина

1986 жылдың 26 ​​сәуірі қала мен оның тұрғындарының тағдырын мәңгілікке өзгертті. Чернобыль апатынан кейін олар үйлерін біржола тастап кетуге мәжбүр болып, қала қаңырап бос қалды. Содан бері өткен өмірді еске салатын жалғыз қаңырап қалған ғимараттар мен жасыл желектер.

Бұл жерде радиация деңгейі әлі де жоғары болғандықтан, Чернобыльдің оқшаулау аймағына барудың жалғыз жолы - лицензиясы бар компаниялардың бірімен турға тапсырыс беру.


Фото:Ridus.com


Фото:Ridus.com

Фото:Ridus.com

Колманскоп, Намибия

Намиб шөліндегі қараусыз қалған елес қала бір кездері гауһартасын өндірудің негізгі орталықтарының бірі болған. Ең жақсы жылдары мұнда мыңнан астам адам тұрды. Елдімекенді неміс рейхі асыл тастарды өндіру үшін арнайы салдырған. Жергілікті жұмысшыларға арналған үйлерден басқа, мектеп, аурухана, стадион, кітапхана, теннис корттары, дүкендер, кинотеатр, электр станциясы, наубайхана, тіпті ойынхана мен боулинг, алғаш рет Африка континентінде бірінші трамвай желісі де ашылды.

Адамның ашкөздігі жеңді: гауһар тастарының кені таусылып, онымен бірге ауыз су көздері құрғаған соң тұрғындар да біржола көшіп кетті.


Фото:Travel.com


Фото:Travel.com


Фото:Travel.com

Ракотцбрюке шайтан көпірі, Германия

Әсем Кромлау саябағында орналасқан аркалы көпір туристерді өзіне тартпай қоймайды. Сәулет өнерінің туындысы тынық сулардың шағылысуында тамаша шеңбер жасап, ерекшелігімен таң қалдырады.

Фото:Legion-Media

Аңыз бойынша, көпір 1860 жылы жергілікті рыцарьдың тапсыруымен тұрғызылған. Сәулетшіге көпірді аяқтау үшін аз уақыт берілген еді. Аңыз бойынша, ол жұмысын аяқтауға көмектесу үшін шайтанды шақырады. Оған көпірден өткен алғашқы тірі жаратылыстың жанын беруге келіскен. Көпірді айтылған уақытта шайтан аяқтайды, бірақ құрылысшылардың тапқырлығы сондай: олар шайтанды алдап, көпірден адам орнына әтеш немесе ешкіні өткізіп жібереді. Ібіліс ашуланып, өзі кетерде бейшара жануарды өлтіріп кетеді.


Фото:Legion-Media

Шындығында, әрине, көпір адам қолымен жасалған. Оның құрылысын сақтау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көпірге кіру жабық. Оны тек тамашалауға болады. Ең қолайлы уақыты - қар ерігеннен кейінгі көктемде немесе көпір күзгі жапырақтармен көмкерілетін күз мезігілі (тамыз/қыркүйек).

Росс аралы, Үндістан

Ресми атауы Нетежи Сабхаш Чандра Бозе Андаман аралдарының бір бөлігі болып табылады. 1857 жылы Ұлыбритания патшайымы мұнда саяси тұтқындарды жер аударта бастады. Олардың күштерімен мұнда әсем бақтары бар резиденциялар, шіркеу, баспахана, бассейн, дүкендер, аурухана, наубайхана пайда болды, сол кездегі өркениеттің бәрі болды.

Қазір оның бұрынғы даңқынан ештеңе қалған жоқ. Оның орнына жаппай жабай ағаштар өсіп, джунглиға айналған. Бір кездері "Шығыс Парижі" атағына ие болған жер, қазір орманға айналған.

Фото:Travel.com


Фото:Travel.com


Фото:Travel.com

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.