Таба аласыз ба? Моңғолияда қар барысы суретке түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін қар барысы түсірілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін қар барысы түсірілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ерекше ілбісті суреттен табу оңайға соқпайды. Жыртқыш Батыс Моңғолияның таулы пейзажында мықты жасырынған.

Жұмбақ аң әлі күнге дейін әлемдегі ең аз зерттелген мысық тұқымдастарының бірі болып есептеледі. Барысты көру - үлкен сәттілік. Көптеген халықтар үшін бұл жануар күштің, тектіліктің және биліктің символы.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мәліметінше, қар барысы халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген және Ресей, Моңғолия, Қытай, Қазақстан, Ауғанстан, Үндістан, Қырғызстан, Непал, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Бутан елдерінде мекендейді. Бұл тіршілік иесі сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан түр мәртебесіне ие.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная