Сізді тұтқындай алады: бортсерік ұшақта ешқашан бұзбау керек ережені айтты

Бортсеріктер ұшу кезінде тамақ пен сусын таратудан гөрі әлдеқайда көп өкілеттіктерге ие. Жолаушылар персоналдың нұсқауларын орындамаса, ауыр зардаптар туындауы мүмкін. Бұл туралы бортсеріктердің бірі еске салды. Ол Reddit арнайы форумында ережелердің ең маңыздысы туралы айтып, оны бұзғаны үшін туристерді тұтқындауға болатынын ескертті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания қызметкерінің айтуынша, бортсеріктер төтенше жағдайда көмек көрсетіп қана қоймай, жолаушылардан борттағы арнайы нұсқауларды орындауды талап етуге құқылы, әсіресе егер олар қауіпсіздікке қатысты болса. Hausofdarling лақап атымен анонимді бортсерік форумда мынаны айтты: "сізді экипаждың нұсқауларын орындамағаныңыз үшін қамауға алуы мүмкін. Мысалы, бұл ұшу/қону және турбуленттілік кезінде "қауіпсіздік белдіктерін бекіту" сигналдарына қатысты болуы мүмкін.

"Егер белдікті бекіту туралы нұсқау кезінде турбуленттілік күшті болмаса, бұл сіз тұрып, дәретханаға бара аласыз дегенді білдірмейді. Бірде біздің нұсқаулықты тыңдамаған жолаушы омыртқасын сындырып алды", - деп толықтырды ол.

Басқа жағдайларда, ауыр бұзушылықтар немесе зорлық-зомбылық болған жағдайда, экипаж қауіпті жолаушыларды олар қонғанға дейін және полиция көтерілгенге дейін ұстауға құқылы.

"Бортта қол кісендері бар, егер қауіпті жолаушыны тыныштандыру қажет болса, біз оларды пайдаланамыз", - деп жазды бортсерік.

Сонымен қатар, экипаж мүшесі өзі және барлық ұшу персоналы арнайы оқу-жаттығудың арқасында өзін-өзі және ұшқыштар кабинасын қорғай алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!