Сусиыр қайықтағы туристерге шабуыл жасап, бес адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Камерунның қиыр солтүстік аймағындағы Логон өзенінде сусиыр туристер отырған қайыққа шабуыл жасады. Салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы екеуі зардап шекті. Бұл туралы Xinhua жергілікті билік пен Камерун жабайы табиғатты қорғау қоғамының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Камерунның қиыр солтүстік аймағындағы Логон өзенінде сусиыр туристер отырған қайыққа шабуыл жасады. Салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы екеуі зардап шекті. Бұл туралы Xinhua жергілікті билік пен Камерун жабайы табиғатты қорғау қоғамының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Олардың айтуынша, жануар туристер мінген қайықты құлатқан. Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде бес адамның денесі табылды. Тағы екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Aktu Cameroun басылымы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап, шабуыл салдарынан туристердің ешқайсысы аман қалмағанын хабарлайды.

Камерун жабайы табиғатты қорғау қоғамының өкілдері бұл елдегі бегемоттардың адамдарға жиі шабуыл жасайтынын атап өтті. Әсіресе, олар жаңбырлы маусымда агрессивті болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная