Суару көлігі мен ұшақ соқтығысуының видеосы жарияланды

Желіде Канкунға (Мексика) ұшар алдында Мәскеудің Шереметьево әуежайында ресейлік ұшақпен соқтығысқан суару машинасының кабинасынан түсірілген видео пайда болды. Роликті РЕН ТВ телеарнасы жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Видеода ұшақ мұздануға қарсы машинаны қанатымен жауып тұрған сәтті көруге болады. Ал ол әуе кемесін мұздан өңдеуді жалғастырып жатады, бұл сәтте соқтығысу салдарынан деайсер құлады. Қызметкерлердің қатты қорыққаны айғайынан білінеді.

Оқиға салдарынан суаратын машинаның операторы қолын сындырып алған.

Еске салайық, 15 желтоқсанда Шереметьевода Канкунға бет алған Boeing 777 әуе кемесі ұшу-қону жолағын басқару кезінде суару машинасын қанатымен соғады. Салдарынан көлік төңкеріледі. Экипаж мүшелері қақтығысты бірден байқамағаны атап өтілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!