Стюардессаның багаж сөрелерін жабу тәсілі жұртты таңғалдырды

Белгісіз стюардесса ұшақ бортындағы жұмысы кезінде акробатикалық тәсіл қолданды. Осы жағдайы видеоға түсірілген және әлем бойынша экипаж мүшелерінің өмірі туралы айтылатын Instagram желісіндегі @flight__love аккаунтында жарияланды. 

Видеода қысқа киім киген бортсерік қыздың кезегімен багаж сөрелерін жауып жатқаны түсірілген. Жай ғана жауып қоймай ол шпагатқа тұрып жабады. 

Аккаунтқа жазылған қолданушылар таңданыстарын жасырмай, сан-түрлі пікір жазған. "Вау, браво!", "Тамаша жұмыс! Енді оны жуу керек", "Тамаша шыққан", "Қандай керемет", "Әсерлі", "Сен ғажапсың", "Өте тартымды", - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от aviation love (@flight___love)