Стюардессаны соққыға жыққан жолаушы түрмеден бір-ақ шықты

Америкалық Southwest Airlines бюджеттік әуекомпанияның жолаушысы стюардессаға шабуыл жасағаны үшін алты ай түрмеге қамалды. Бұл туралы Austin American - Statesman басылымына сілтеме жасай отырып, Tengritravel.kz тілшісі хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, оқыс оқиға 2022 жылдың наурызында Остин-Бергстрем халықаралық әуежайында болған. Алайда қаскөйге қатысты үкім 31 қаңтарда шығарылған.

Сот материалдарына сәйкес Теннеси штатының Спринг-Хилл қаласынан келген 35 жастағы Майкл Гойнс әуежайға қонғаннан кейін телефонмен сөйлескен кезінде боқтап, өрескел қылық көрсеткен. Оның әрекетіне наразылық танытқан жолаушылардың бірі Гойнсқа ескерту жасаған. Соңы жанжалға ұласып, Майкл Гойнс жағдайды реттемек болған стюардессаның ішінен ұрып құлатқан.

Аталған істі федералды тергеу бюросы мен полиция қолға алды. Ер адам кінәсін мойындады. Ол Остин федералды сотының шешімімен ең жоғары жазаны - алты айға бас бостандығынан айыру жазасын арқалағаны белгілі болды. Сонымен қатар Гойнс 650 доллар өтемақы төлеуге міндеттелді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!