Стюардессалардың мазасын алған жолаушы түрмеден бірақ шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Америкалық Southwest Airlines әуекомпаниясының жолаушысы стюардессаларға тиісіп, дөрекі сөйлегені үшін түрмеге түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Southwest Airlines әуекомпаниясының жолаушысы стюардессаларға тиісіп, дөрекі сөйлегені үшін түрмеге түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап. 

Сан-Диегодан Альбукеркеге ұшу кезінде Калифорнияның 43 жастағы тұрғыны Итон Джеймс Джонсон төрт рет экипаж қызметкерінің аяғынан ұстаған, сосын екінші бортсерік қыздың бөксесінен ұстаған. Сондай-ақ, ер адам стюардессаларды балағаттап, біреуіне "қарапайым болуы керектігі және басқа жұмыс тауып алуын" айтқан. Себебі ол өзімен тым дөрекі сөйлескен. 

Тергеу барысында, Джонсонның мас болғаны анықталған және ұшақ бортында әдепсіз қылық танытқаны үшін алкогольдік ішімдік берілмегені үшін ашуға булыққан. 

Сот жолаушының қоғамдық тәртіпті бұзғанын және экипаж мүшелеріне тиіскені үшін айыпты деп таныды. Ол өз кінәсін мойындады, алайда қанша мас болса да өз әрекетіне толықтай баға бере алатынын жеткізген. Енді ол жарты жылын түрмеде өткізеді және бес мың доллар айыппұл төлеуге мәжбүр. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная