Стюардесса кез келген рейсте қарттарға арналған тегін қызмет туралы айтты

Стюардесса Мигель Муньос кез келген рейсте қарттарға арналған тегін қызмет туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.

Мигельдің айтуынша, әуекомпания ережелеріне және борттағы судың бағасына қарамастан кез келген қарт жолаушыға дәрі ішу үшін бір стақан қарапайым су тегін беріледі.

Негізінде әуекомпаниялардың көбісі суды тегін бере бермейді, бөтелкеге құйылған су айтарлықтай қымбат тұратынын айта кету керек.

Муньостың әріптесі, бортсерік Хелена Афрогидің айтуынша, бортта алкогольден басқа кез келген затты тегін алуға болады. Алайда оның өз шарттары бар: егер сыпайы сұрасаңыз және ол кезде стюардессаның жанында экипаж мүшесінің аға маманы тұрмауы керек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!