Jubba Airways әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар лайнері әуежай аумағына қону кезінде апатқа ұшырады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Апат 18 шілдеде Могадишо қаласының әуежайында болды. Оқиға салдарынан ұшақтың қанаттары қақ бөлініп, етпетімен төңкерілген.
Сомалидің оңтүстік-батысында орналасқан Байдабо қаласынан ұшып шыққан әуекемесінің бортында 30 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар жоқ, алайда үш адам зардап шеккен. Оқиға орнында жедел әрекет ету қызметкерлері жұмыс істеп, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізген.
VIDEO: Dramatic footage captures the exact moment a Jubba Airways Fokker 50 crashed on landing at #Mogadishu’s Aden Abdulle International Airport in #Somalia.
— Abdulaziz Billow Ali (@AbdulBillowAli) July 18, 2022
? @MukhtarNuur pic.twitter.com/GIooSr6fmT
A Jubba Airways Fokker 50 has crashed on landing at Mogadishu Aden Adde International Airport (MGQ) in Somalia. https://t.co/zJbOuHo3MP
— Aviation Safety Network (ASN) (@AviationSafety) July 18, 2022